Қалмұхамбет Қасымов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің қызметінен босатылып, Қазақстан Президентінің көмекшісі — Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды juldyz.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

 «Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметінен босатылсын», — делінген Елбасының жарлығында.

Қасымов 2011 жылдан бері ІІМ басшысы қызметінде болды.

Пікір қосу