Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова Астанадағы қайғылы жағдайдан кейінгі сынның себебін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Біздің министрлік сынға ұшырады, себебі біз көптеген қиын мәселемен айналысамыз. Осы сынның барлығын ескере отырып, біз қажетті шараларды қабылдауға тырысамыз», — деді Мадина Әбілқасымова үкімет отырысынан кейін.

«Жергілікті жерлерде жедел штабтар құрылды, олар көпбалалы отбасылардан келіп түсетін ақпарат жинап, баға беріп, ұсыныстар жинайды. Осы ұсыныстардың барлығы жұмыс тобында қаралатын болады. Жұмыс тобының бірінші отырысы өткен аптада өткізілді. Барлық орталық, жергілікті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді. Жұмыс тобының кезекті отырысы осы бейсенбіге жоспарланып отыр, қоғам өкілдері мен мамандарды шақыру жоспарланған. Әлеуметтік қолдауды жақсарту бойынша кешенді шешімдер ұсынылады деп ойлаймын», — деді Мадина Әбілқасымова.

 

Пікір қосу