Түркия елі Қытайдан Шыңжаңдағы «саяси тәрбиелеу орталықтарын» жабуды талап етті, деп хабарлады Азаттық.

9 ақпан күні Түркия елінің сыртқы істер министрлігі өзінің мәлімдемесінде Қытайдағы лагерьді «азаптау орталығы» деп атап, миллионға жуық адамның еркінен тыс қамауда отырғанын жеткізген. Бұл іске шұғыл түрде Біріккен Ұлттар ұйымы араласуы тиіс деп санайды.

«Миллионнан астам ұйғыр азаптау орталықтарында қамалғаны қазір құпия емес. Қамауға алынбағандарға қысым көп. 21 ғасырда лагерь ашу, Қытай билігінің ұйғырларды қудалауы- адамзатқа жасалған қылмыс»,- деді Түркия елінің сыртқы істер министрлігінің өкілі Хами АКсой.

Пікір қосу