Түркістан облысында түнгі он бірге дейін тойханалар мен дәмханалар өз жұмысын аяқтауы тиіс. Ереже бұзылған сәтте айыппұл төлейді. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.

Қала әкімі Әліпбек Өсербаев шаһардағы ойын-сауық орындары мен мейрамханаларының басшыларын жинап, арнайы ескерту жұмыстарын жүргізді. Кешкі сағат 23:00-ден кейін ереже бұзып, жұмысын жжалғастыра берген ойын-сауық орталықтарының басшылары 126 250 теңге айыппұл төлейді.

Пікір қосу