Әлеуметтік жағдайын айтып, әкімшілікке барған астаналық көпбалалы ананы «құқық қорғау органдары»  қысым көрсетуде, деп хабарлады «Атамекен» арнасы.

Назын айтып келген анаға әкімнің орынбасары аты-жөнін, не мәселемен келгендігін, мекен-жайы мен телефон номерін қағаз бетіне түсіруін сұраған. Кейіннен бұл мағлұмат құқық қорғау органдарының қолына өткен. Сол мекен-жайлар бойынша белгісіз біреулер келіп, «халықты ереуілге шақырғаныңыз үшін жауапқа тартыласыз» деп сес көрсетті дейді аналар.

Пікір қосу