Қазақстандық спортшы, фристайлшы Юлия Галышева өзінің мансап жолында алғаш рет Әлем чемпионы атанды. Бұл туралы  Olympic.kz.  хабарлады.

Американың Парк-Сити қаласындағы әлем чемпионатында фристайл могулдан әйелдер арасындағы чемпион анықталды. Әлем чемпионын  біздің еліміздің мақтанышы Юлия Галышева иеленді.

 Финалда Юлия 79.14 ұпай жинап, қарсыластарына шаң қаптырды.

Күміс жүлде австралиялық Энтони Джакараның еншісінде (78.99 ұпай). Олимпиада чемпионы Перрин Лаффон 78.70 ұпаймен қола жүлде иегері атанды.

Пікір қосу