Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза тапты, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

10 ақпан күні Талғар ауданы Панфилов ауылының маңында Mercedes, Kia, Toyota және ГАЗ көліктері апатқа ұшыраған. Бұл ақпаратты облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері растады. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі (Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.

 

Пікір қосу