Орал тұрғыны Алексей Шустов мұқтаж жандарға тегін киім-кешек пен аяқ киім таратты. Бұл туралы kazakh_inform бөлісті. 

Алексей Шустов алты жылдан бері көпбалалы отбасыларға және жағдайы төмен отбасыларға жәрдемдесіп келеді.

-«Менімен не болып жатқандығын білмеймін, алайда адамдарға көмектескім келіп тұрады. Ақшаң аз ба, әлде көппе ол маңызды емес. Бір адамға келесі бір адам кез-келген жерінде көмектесуіне болады»,-дейді Алексей.

Алексейдің таратып жатқан киім-кешегін алған кей әйел азаматтар өз пікірлерін білдірді.

-» Мен бұл жерге бірнеше рет келгенмін. Төрт балам бар. Күйуеім ауырып жатыр. Жалғыз өзім жұмыс істеген соң, отбасыны асырау қиын. Ал киім балаларға әрдайым қажет. Себебі балалар жылдам ер жетеді. Мен жазда келгенмін. Міне, енді қыста келіп тұрмын»- деді көпбалалы ана Айгүл.

-«Мен бірінші рет келіп тұрмын. Бұл қойма жайлы әлеуметтік желіден естідім. Өзімнің ұлдарыма лайықты шалбар мен жейде ала алдым. Менің үш балам бар. Жалғызбасты анамын. Бұл жерде басқа әйелдермен де таныстым. Әркімнің өз қиыншылығы бар, бірақ біз ол қиыншылықтарға төтеп береміз. Алексейге үлкен алғыс білдіремін. Бүгінде мұндай мейірімді жандар аз»-деп ағынан жарылды үш баланың анасы Светлана.

 

Пікір қосу