АҚШ-тың Парк-Сити қаласында фристайл мен сноубордтан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Жанбота Алдабергенова мен Ақмаржан Қалмұрзаевалар үздік ондыққа кірді деп хабарлады Olympic.kz. 

Іріктеуден екі спортшы сүрінбей өтіп, үздік 12 спортшының қатарынан көрінді. Бұл олардың финалдық бәсекеде бақ сынауына мүмкіндік берді.

Финалдақы кезеңде екі спортшымыз да алғашқы ондыққа енді. Қалмұрзаева 78.88 ұпаймен сегізінші орын иеленсе, Алдабергенова 73.95 ұпаймен тоғызыншы сатыға көтерілді.

Ал алғашқы алтылыққа енген спортшылар әлем чемпионатының жүлделерін өзара сарапқа салуда.

Финалда 103.11 ұпай жинаған белоруссиялық Александра Романовская алда келеді.

 

Пікір қосу