Белгілі журналист Асхат Садырбай көпбалалы аналардың талаптарына байланысты өзінің пікірін білдірді. Сонымен қатар, елімізде осындай проблемаларды шешу үшін, бес баланың өлімінің қажет болғандығына қынжылатындығын жеткізді.

  • «Соңғы жағдайлар барша қазаққа, әсіресе қарапайым xалыққа ауыр тигені анық. Жүрегіміз ауырды, бізбен бірге аспан да күңіренді. Астанада дауыл соғып, боран болды. Бес қызды жер қойнына тапсырған күні Астанаға ұшатын ұшақ ұшпай бір күн кейінге ауыстырылды… Айтайын дегенім, әлеуметтік мәселе, оның ішіндегі баспана бабы мен көпбалалы аналар мәселесі осы уақытқа дейін дұрыс шешімін таппай келеді. Ыдыстағы су толды, ернеуінен асып тасыды. Басты назарды соған бұруы үшін бес қыздың бір үйде өртенуі керек пе еді?! Ажал, жазым, тағдыр, десек те бұл проблема ол қыздардың ата-анасына үй алып берумен тоқтамауы керек. Кешелі бері біраз адам сүйінші сұрап, бөркін аспанға атып жатыр. Әліптің артын бағайық. Заң нақты күшіне енсін. Нәтиже шықсын. Біз отырыс, жиналыс, дөңгелек үстел, жиын, талқылауға тойдық. Бізге енді нақты нәтиже керек. Пайдасыз басқосулар мен жиындар қажет емес. Нақты ұсыныс, жүйелі жоспар, тиімді шешім керек!»-деп жазды журналист әлеуметтік парақшасында.

Пікір қосу