Баянауыл ауданының Ұзынбұлақ ауылында толықтай бір отбасы ысты газдан уланып мерт болған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Аудандық әкімдіктің айтуынша, Бекбатыровтар жанұясының ата-анасы және екі баласы алдын-ала болжам бойынша пештен шыққан улы газдан қайтыс болған. Балалардың бірі 4-сынып, енді бірі 7-сынып оқушысы. Анасы Наталья Бекбатырова 7 айлық жүктілік мерзімде болған.

Қайғылы оқиға түн ортасында болған деседі. Нақты өлім себебі әлі анықталмады. Күні бойы хабарсыз кеткен Бекбатыровтар отбасының туысы сағат кешкі 21.00 де олары іздеп үйіне барған. Алайда өкінішке орай үй ішінен олардың мәйітін тапқан.

Бекбатыровтар отбасының туыстарына Аудандық әкімдік тарапынан көмек көрсету жұмыстары тапсырылды.

 

Пікір қосу