Жапонияда шошқа тырысқағы өршіп тұр. Індет елдің негізгі Хонсю аралындағы Нагано, Айти, Гифу, Сига және Осака префектураларына тарады деп хабарлады ХАА Kyodo агенттігі.

Жапонияның Ауыл шаруашылығы, орман және балықшылық министрлігінде өткен шұғыл отырыста ведомство басшысы Такамори Ёсикава «жағдайдың күрт нашарлағанын» жеткізді. Сәрсенбіде үкімет басшысының кеңсесінде министрлердің, полиция және қарулы күштер басшыларының қатысуымен шұғыл отырыс өткізу жоспарланған. Армия бөлімшелері сәрсенбі күні Айти және Сига префектураларындағы фермаларда 7 мыңнан астам шошқаны жоюды бастады. Фермалардың айналасын полиция қоршап тұр. Шошқа тырысқағының бұл жолғы індеті желтоқсан айында Гифу префектурасында басталған. 2018 жылдың соңы мен 2019 жылдың басында онда 9 мыңнан астам шошқа жойылғанымен, бұл оның таралуын тоқтатқан жоқ.

 

Пікір қосу