Breaking news твиттер парақшасында Вашингтон метросының Росслин стансасында қуатты жарылыс болғандығын мәлімдеді.

Куәгерлердің айтуынша, жарылыс өте қуатты болған. Метронын маңайындағы көшелерді жауып тастаған.

«Автобус жүргізушісінің айтуынша, бұл трансформатор болуы керек», — дейді куәгерлердің бірі.

Трансформатордың жарылғанын полицейлер де растаған. Вашингтон метрополитені қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, бұл оқиға жерасты көлігіне қатысты емес. Келеңсіз жағдайдың егжей-тегжейі тексеріліп жатыр. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

 

Пікір қосу