Қазақстандағы еңбек мигранттарының құқығын білеміз бе?

Қазақстандағы еңбек мигранттарының құқығын білеміз бе?

179 қаралды
0

Қазақстанда жұмыс істеу үшін шетел мигранттарының құқығы қандай? baribar.kz сайты Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының кеңесімен бөлісті.

Қазақстанға келген еңбек мигранты нені білуі керек?

  1. Заңды жұмысшы екенін білуі керек;
  2. Демалыс алуға құқығы бар (демалыс және мереке күндері және ауысымдық жұмыс).
  3. Қызметкер ретінде негізгі міндеттерін білуі керек:
  • еңбек міндеттерін орындау;
  • еңбек тәртібін сақтау;
  • еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды сақтау;
  • жұмыс берушіге келтірілген зиянды өтеу.

Еңбек мигранты және бизнес

  • Мигранттың Қазақстанда бизнеспен айналысуға құқығы бар. Ол үшін кәсібін заңды түрде тіркеуі қажет;
  • Тұрғылықты мекенжайға тұрақты тіркелуге рұқсаты болса, жеке кәсіпкерлікпен айналысуға да құқығы бар.

Шетел азаматының Қазақстан Республикасында жұмысқа орналасу жөнінде рұқсаты болмаған жағдайда 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады;

ТМД елдері мигранттары және жалшылық қызмет

  1. Үй шаруашылығында жұмыс істеуге патент алу үшін келесі талаптарға сай болуы керек:
  • Қазақстан Республикасына визасыз кіруге және шығуға арналған келісімі болуы керек;
  • Кәмелет жасқа толуы шарт;
  • Қазақстан Республикасының аумағында тұру мерзiмі аяқталғаннан кейiн кету үшiн қажеттi ақшалай қаражаты болуы керек (еліне қайтуға жол қаражаты);
  • Саусақ ізін, фотосуретті және көші-қон қызметі туралы деректерді бірыңғай ақпараттық жүйеге енгізуі керек;
  • Емханадан денінің саулығы туралы медициналық анықтама (086) қағазы болуы шарт;
  • Қазақстанның медициналық сақтандыруына ие болу.
  1. Миграциялық орталықтан уақытша тұратын жерге байланысты рұқсат алу керек. Тұру уақытын ұзартқысы келген жағдайда осы орталық қызметіне жүгінеді;
  2. Қазақстанда тұрақты тұрудың ең қысқа мерзімі – 1 айдан 3 айға дейін. Ал ең ұзақ мерзімі – 12 ай.
  3. Жұмысқа рұқсат алу үшін келесі ережелерді орындау қажет:
  • Миграциялық орталықтан 5 күнтізбелік күнге дейін (келу күніңізден бастап) тіркелу;
  • ЖСН алу (жеке сәйкестендіру нөмірі);
  • Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде жеке шот ашу;
  • Банкке жеке тұлға ретінде әр айға алдын ала 2 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде салық төлеу;
  • Үй шаруашылығында жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушімен келісім-шарт жасайды. Еңбек шарты миграциялық орталықта беріледі.
  • Осыдан кейін миграция қызметі орталығы оған жеке тұлға ретінде жұмысқа орналасу бойынша рұқсат қағазын береді.
  1. Берілген рұқсаттың жұмыс істеп жатқан аумақта ғана жарамды екенін ескеру қажет;
  2. Жұмыс берушінің жоқтығын есте сақтап, салық кезеңін біле жүру керек (оның сомасы алдын ала төленген аванстық төлемнен асып кетеді айына 2 АЕК мөлшерінде).
  3. Егер белгіленген салық төленбеген жағдайда мигрант келешекте Қазақстан аумағына кіре алмайды;

Миграциялық картаны толтыру кезінде ескеретін жағдайлар

Қазақстан Республикасының аумағына кірген кезде мына жайттарды білу керек:

  1. Қазақстан Республикасына кірген кезде миграция картасы беріледі. 16 жасқа дейінгі балаларға бұл қағаз міндетті емес.
  2. Егер шекарада миграциялық картаны алмаса, Қазақстанға келген кезде миграция картасын алу үшін, миграция полициясына хабарласу керек.
  3. Миграция қағазы тегін беріледі.
  4. Қағазды қаламмен қатесіз, мұқият толтырған жөн. Қағазда қате жіберілген жағдайда қабылданбайды!
  5. Бұл қағазды шекара немесе кедендік бақылаудан өту алдында толтыру керек.
  6. Қағазды үш тілдің бірінде толтырады: қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде.
  7. Аты-жөнін төлқұжатқа сәйкес толтыру қажет. Толтырған кезде қолданылатын алфавит (латын немесе кириллица). Араб немесе басқа графика қолданылмайды.
  8. Балалармен бірге жүрсе, 16 жасқа толмаған балалардың санын көрсету керек (мысалы: «бір», «екі» және т.б.).
  9. Егер туыстарының балаларымен жүрсе, олардың ата-анасының заңды түрде расталуы тиіс куәландырылған сенімхаты болуы шарт.
  10. Сапардың және елге келудің нақты мақсатын жазуы керек.
  11. Егер жұмысқа келген болса, онда «алу» бағанында жұмыс берушінің аты-жөнін, ұйымның атауын және тіркеу орнын жазады.
  12. Миграциялық карта Қазақстанда болу уақыты аяқталғанша өзінде болуы керек. Оны басқа біреуге сеніп тапсырмағыны дұрыс болады.
  13. Төлқұжат әрдайым бірге болуы керек (жұмыс берушіге құжаттың көшірмесін ғана беру қажет. Сондықтан алдын ала бірнеше көшірме жасап алу керек).
  14. Егер баласы Қазақстанда жүріп 16 жасқа толса, оны миграциялық орталыққа барып тіркегені жөн. Оған да миграциялық қағаз беріледі.
  15. Қазақстаннан шыққан кезде шекара қызметі міндетті түрде миграция қағазын сұрайды.
  16. Егер миграция қағазын жоғалтып алған болса немесе қағаз бүлінген жағдайда үш күннің ішінде полиция қызметкеріне хабарлау керек. Тексеруден кейін оған миграция қағазының көшірмесі беріледі.
  17. Есте болсын, жұмысқа орналасу жөнінде рұқсат алу кезінде бес жұмыс күні ішінде тіркелу қажет, сонымен қатар саусақ ізі және т.б. миграция қызметі бөлімінде фото тіркеу деректерді бірыңғай ақпараттық жүйеге енгізу.

Мигранттар және медициналық қызмет

Тегін шұғыл көмек қажет болса, ұялы телефоннан 103-ке (жедел жәрдем) немесе 112 (полиция) нөміріне хабарласу керек. Қоңырау шалу кезінде мекенжайды нақты айтқаны жөн.

  1. Егер Қазақстанға келген болса, жұқпалы және өте ауыр ауруларға тегін медициналық көмек алуға құқығы бар.

Атап айтқанда:

  • адамның иммун тапшылығы вирусынан болатын ауру;
  • Конго-Қырым геморрагиялық безгегі;
  • дифтерия;
  • полиомиелит;
  • менингококк инфекциясы;
  • жыныстық жолмен берілетін инфекциялар;
  • леприя;
  • безгек;
  • Сібір жарасы;
  • туберкулез;
  • тырысқақ;
  • оба;
  • іш сүзегі;
  • вирустық гепатит;
  • психикалық ауытқу.
  1. Медициналық көмек флюорография, қан анализі, вакцинация және т.б. дәрігердің нұсқауларына сәйкес емдеумен анықталады.
  2. Жедел тізімге енгізілмеген медициналық қызметтер ақылы болады. Мұндай жағдайды қаражатты ерікті адам өзі немесе жұмыс беруші төлейді.
  3. АҚТҚ инфекциясын тексеруден бас тартқан жағдайда Қазақстаннан депортацияланады.
  4. Туберкулезбен ауырған науқас ауруханаға жатқызылып, ем қабылдайды.
  5. Егер уақытша немесе тұрақты тұруға арналған рұқсаты болса, ақылы қызмет көрсететін ауруханаларда емделуге құқығы бар. Мұнадй жағдайда ЖСН болуы (жеке сәйкестендіру нөмірі) міндетті емес.
  6. Егер уақытша немесе тұрақты тұруға арналған рұқсаты болса, балалары ақылы емханаларда емделе алады.

Пікір қосу

error: Көшіруге болмайды!!