Халықаралық балалар арасында өтетін «Eurovision Juniors» сайысына елдің намысын қорғау үшін қатысатын жеткіншекті анықтау үшін,  Алматы қаласында іріктеу гала-концерт өтті.  Алматыдағы «Халық аренада» өткен іріктеу сайысына Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген талантты балалар бақ сынасты.  Олар осыған дейін еш жерде шырқалмаған жаңа туындыларын орындап шықты.

Балаларға көрермендер өз дауыстарын жіберуге мүмкіндіктері болды. Сонымен қатар, таланттардың өнерін белгіл әнші Роза Рымбаева, Тамара Асар, Ринат Гайсин, Бағым Мухитденова, Ләйлә Сұлтанқызы бағалады.Картинки по запросу данэлия тулешова евровидение

Ұлттық іріктеудің нәтижесінде Данэлия Тулешова жеңіске  жетті.  Ол финалда «Өзіңе сен» атты авторлық әнін шырқады.

«Маған дауыс берген барша жандарға алғысымды білдіргім келеді. Сайыста әрбір қатысушы уайымдады. Ал оларға қорқынышын жеңуге халықтың қолдауы көмектесті. Енді мен Минскіде өтетін байқауда Қазақстанның атынан өзімді 100 пайыз жоғары дәреже көрсетуге тырысамын. Бүгінгі өнерімнен де жоғары деңгей көрсетемін.»,- деді Данэлия.

Енді Данэлия Тулешова 25 қараша күні Минскіде өтетін халықаралық «Eurovision Junior» байқауына Қазақстанның атынан шығады. Жалпы байқауға 20 елден талантты жеткіншектер қатысатын болады.

 

Пікір қосу