• «Сарын» тобының қазақ сахнасында өнер көрсетіп жүргеніне көп уақыт болды. Алайда, осы жылдар ішінде дуэттің құрамы өзгерген еді. Оған не себеп болды?
  • Алтынай: Продюсеріміз Данияр Өтегеннің жетекшілігімен 2012 жылы «Сарын тобы» құрылды. Алғашында мен Алтынай және Айтбек деген жігіт болды. Кейіннен Айтбек пен продюсеріміз келісімге келе алмай, ол топтан шығып кетті.

Берік: Мен 2015 жылы Данияр ағаның шақыртуымен топқа қосылдым. «Сарын» тобының ресми түрде солисті болғаннан кейін, арнайы Қызылорда қаласынан Алматыға көшіп келдім. Тіпті, оқу орнымды ауыстырғанмын. Содан бері Алтынай екеуміз бірге жұмыс істеп келе жатырмыз.

  • Дуэтке дейін, бір-бірлеріңізбен таныспа едіңіздер?
  • Жоқ. Шығармашылық жұмысымызды бірге бастағаннан бастап, таныстық.
  • Мүлдем танымайтын адаммен жұмыс бастау қиын болмады ма?
  • Иә, екеумізге де аздап қиын болды. Себебі, бір-бірімізді танымаймыз, мінезімізді білмейміз дегендей…Бірақ уақыт өте келе үйреніп кеттік.
  • Қазіргі таңда «Сарын» тобында қандай жаңалықтар бар?
  • Жақында «Мен тұрмын алдыңда» атты жаңа әніміз жарыққа шығады. Осы әнге немесе басқа әндеріміздің біріне бейнебаян түсіріп қалуымыз мүмкін.Похожее изображение
  • Сіздердің ән қоржындарыңызды тыңдасақ, әртүрлі жанрдағы әндер баршылық. Бір стильде ғана ән орындамайсыздар. Көптеген әншілер секілді жадыда сақталатын бір стиль қалыптастырмау, кем тұсымыз деп ойламайсыздар ма?
  • Сіздің бұл сұрағыңыз орынды. Қазіргі таңда шоу бизнес қарқынды даму үстінде. Әр талант иелері барынша еңбек етіп, өздерін әр қырынан танытып жатыр. Алайда, шоу бизнесте біздің өзіміздің қолтаңбамыз да жоқ емес. Егер үңіліп тыңдасаңыз, біздің өзімізге ғана тән стиліміз бар. Сонымен қатар, біз тек бір бағытта ғана жұмыс істемей, жан-жақты болуға тырысамыз. Себебі, тыңдармандарымыздың аудиториясы көбейсе екен деген ниеттеміз. Тек бір жас аралығы ғана емес, кішкентай баладан, ата-әжелерімізге дейін біздің шығармашылығымызға қызыққанын қалаймыз. Осы мақсатты орындау үшін әртүрлі бағытта шығармашылығымызды дамытудамыз. Және осы ұстанымымыздың арқасында бізді кез-келген жиында көре аласыздар. Бір компанияның ашылу салтаны немесе құдалық тойда болсын ән-шашуымызды арнай аламыз.
    • Ән таңдарда көбінесе не нәрсесіне мән бересіздер? Әннің әуеніне ме, әлде сөзіне ме? Ол әннің қазіргі қоғамдағы маңыздылығына назар аударасыздар ма?
    • Берік: Барынша минимализмге басымдық береміз. Біз үшін ән таңдарда оның сөзі де, әуені де маңызды. Барлығына теңдей мән береміз десек қателеспейміз.
  •      Алтынай: Біздің кей әндеріміздің сөзін Берік жазған.  Кейде Данияр аға мен       Берік екеуі бірлесіп керемет туындыны жарыққа шығарып жатады.
    • Берік, осындай керемет қабілетіңіз бар екен. Басқа да әріптестеріңіздің әніне сөзін жазып бересіз бе?
    • Әзірше, тек өзіміздің қоржынымыздағы әндеріміздің сөзін жазғанмын. Ал, басқа да әншілерге жазып беру− болашақтың еншісінде.Похожее изображение
    • Бір сұхбаттарыңызда «Қоржынымызда үнтаспа шығаратындай ән жиналып қалды. Енді, үнтаспа шығарып, еліміздің қалаларын аралап концерттік кеш ұйымдастырсақ дейміз» деп едіңіздер. Бұл жоспарларыңыз жүзеге асты ма?
    • Бұл жоспарымызды жүзеге асыра алмадық. Оның бірден-бір себебі қаражатқа келіп тіреледі. Әрине, үнтаспа шығаруға болады. Бірақ, егерде ол сапалы болмаса, үнтаспаның жарыққа шығуынан ешқандай пайда жоқ. Сондықтан, толықтай сапалы етіп шығаруға мүмкіндік туғанда, қолға аламыз. Ал, Қазақстанның қалаларын аралап, концерттік кеш өткізу екеуміздің де арманымыз. Тек өкінішке орай, ол арманды әлі жүзеге асыра алмадық. Негізі бір кісілермен келісіп, концерттік кеш ұйымдастыруды бастағанбыз.  Кімдер екенін айтпай-ақ қояйық. Себебі, сол келісім жүргізген адамдарымыз соңында жоқ болып кетті. Содан өткізе алмай қалған болатынбыз. Алла бұйырса, келешекте еліміздің түкпір-түкпірін аралап, кеш ұйымдастырамыз деген үміттеміз.
    • Екеуіңіз де әншілік пен қатар кинода да бой көрсетіп жүр екенсіздер. Кино саласындағы жұмыстарыңыз туралы айтып кетсеңіздер.
    • Бізді әлеуметтік желі арқылы кастинг-директоры өзі шақыртқан болатын. Кейін біз кастингке қатысып, «Сүйе білсең» атты телехикаяға түстік. Өнерде жұп болғанымызбен, фильмде рөліміз екі бөлек болды. Әрине, кәсіби актер болмағандықтан, аздап қиналдық. Тек кейіннен түсірілім алаңында жүріп, ақырындап бейімделе бастадық. Сериалда мен Дана есімді қыздың рөлін сомдадым. Кейіпкерім өзім секілді ән айтатын сахнаның адамы. Ал Берік Санжар есімді жігіттің образын сомдады. Сериалдан кейін, басқа да фильмдерге шақыртулар түсе бастады. Кейін «Өз үйім» деген сериалдың қысқа бір эпизодында бой көрсеттік. Болашақта бізді үлкен рөлдерде көріп жатсаңыздар, таң қалмаңыздар.
    • Киноға түсу үшін продюсерлеріңіз Даниярдан рұқсат сұрайсыздар ма?
    • Иә, міндетті түрде рұқсат сұраймыз. Ән, кино, сұхбат болсын кез-келген ұсыныстар түсіп жатса, продюсерміз Данияр ағаның нөмерін береміз. Сол кісіге хабарласады. Кейін ол кісі білген соң, бізге айтып, ақылдасып, шешім қабылдайды.
    • Продюсерлеріңіз Данияр Өтегеннің «Ринго» тобының солисті екені бәрімізге белгілі. Ол кісі танымал продюсер Алуа Қонарованың жетекшілігінде жұмыс істейді. Ал, сіздер Алуа Қонаровамен шығармашылық байланыстасыздар ма?
    • Біз барлығымыз бір отбасы секілдіміз. Алуа Қонарова біздің әжеміз, біз ол кісінің немерелеріндейміз. Көрген кезде сәлеміміз түзу. Алайда, шығармашылық байланыста емеспіз. Тек жеке өмірде қарым-қатынасымыз жақсы. Өзінің балаларындай қарап, бізге ақыл-кеңесін айтып тұрады.Похожее изображение
    • Жақында ғана әжелеріңіз Алуа Қонарова «BN» атты жас топтардың бірін «ән айта алмайды» деп сынап тастаған болатын. Ал, сіздердің шығармашылықтарыңызды қаншалықты сыни тұрғыдан бағалайды?
    • Ол кісілер алғаш өнерге келген кезімізде қатты сыбап алмаса да, сөзбен бәрін түсіндірді. Халық алдында жүрген соң, көптеген сынаушылар болатынын, пікірлер айтылатын ескертті. Алуа Қонарова тарапынан сын келсе де, біз оны дұрыс қабылдай білеміз. Ол кісінің бұл салада тәжірибиесі мол болғандықтан, оны сын деп емес, ақыл-кеңес деп қабылдаймыз.
      • Жеке өмірлеріңізге тоқталсақ, өмірде жұпсыздар ма? Немесе сүйген адамдарыңыз бар ма?
      • Алтынай: Өнерде жұп болғанымызбен, өмірде жұп емес емеспіз. Сүйген адамым жоқ.

            Берік: Менде де жоқ.

      • Жақында арада отбасы құру ойларыңызда бар ма? Әлде продюсерлеріңізбен белгілі мерзімге дейін отбасы құрмау туралы келісімшартқа қол қойдыңыздар ма?
      • Алтынай: Келісімшартта ондай шарт жоқ. Данияр ағаға, «тұрмысқа шығамын» десем жіберетін шығар (күлді). Біз продюсерімізбен тек жұмыс бойынша ғана байланыста емеспіз. Ол кісі біздің ағамыз секілді. Тіпті бірге киноға барып, тауға шығып, бірге қыдырамыз. Бізді барлық жағынан түсінуге тырысады. Бір үйдің баласындаймыз. Отбасы құру мәселесі келісімшартқа ешқандай әсер етпейді. Бірақ, әзірше отбасы құру ойымызда жоқ.
      • «Бір үйдің баласындайдаймыз» деп жатырсыздар. Бір-біріңіздің мінездеріңізді айтып бере аласыздар ма? Қандай артықшылық пен кемшіліктеріңіз бар?
      • Берік: Алтынай алғаш танысқанымызды қалай болып көрінді, әлі күнге дейін сондай. Өте қарапайым, ақжарқын, кішіпейіл қыз. Алтынай ағын су секілді. Әрдайым ізденіс үстінде, бір орында тоқтамайды. Адал дос. Ішімдегі болып жатқан жағдайды, қорықпай айта аламын. Сондықтан «қыз бен жігіттің арасында достық болмайды» дегенге біз сенбейміз. Біз тірі дәлелміз. Ал, кемшілігіне келсек, барлық адам мінсіз емес қой. Алтынайдың, кем тұсы уақытында шешімді дұрыс қабылдай алмайтын сияқты. Жұмыс кезінде кейде сасқалақтап, қалтырап қалатын кездері болады. Бірақ, меніңше бұл барлық қыз балаға тән нәрсе секілді.

           Алтынай: Шынымен де, мен Берікке кез-келген сырымды айта аламын. Ол маған қолдау көрсетеді, ешқашан көмегін аяған емес. Ал, кемшілігі режимінің жоқтығы шығар. Бірақ, ондай кемшілік менде де бар.

Cұхбаттасқан Наргиза Аршидин

(Сұхбаттың толық нұсқасын «Жұлдыздар отбасы» журналынан оқи аласыздар)

Пікір қосу