Геннадий Головкиннің жекпе-жегін уақытқа қарамай, бүкіл қазақстандықтар күтеді.  Алайда бұл жолы алғаш рет Генадий жеңіліс тапты.

Америка Құрама Штаттарының Лос Андежелос қаласында қазақстандық боксшы Генадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль Альварес жекпе- жекке шықты.

Бірінші раундта екі боксшы да тең шықты.  Соңғы раундта Головкин жойқын соққыларын көрсетті. Алайда төрешілердің шешімі бойынша Сауль Альвареске жеңіс бұйырды.

Генадий шешімді ести сала,  ешқандай пікір білдірмей рингтен шығып кетті.

Алайда кейіннен ол өз пікірін білдірді.

«Мен кім жеңу керек еді деп айтпаймын. Себебі əділ-қазылардың шешімі бойынша жеңіс «Канелоға» тиесілі. Меніңше, жанкүйерлер үшін қызықты жекпе-жек болды. Мен одан жақсымын деп ойлағанмын.», -деді Головкин.

Бұл жекпе-жекте Головкин барлық белбеуін конға салған еді. «Канело» Головкиннің белбеулерін алып қана қоймай, WBC белбеуін және The Ring титулын жеңіп алды.

Алайда, халық Геннадий Головкинге қолдау көрсетті . » Біз үшін сен чемпионсың», «Жеңіс бар жерде , жеңіліс бар » деген пікірлер білдірді.

Тіпті, ел іші төрешілердің шешімін «əділетсіздік» деп есептеп,  ызаланды.

Пікір қосу