Германияда бір жарым жыл жұмыс істеп, тәжрибие  жинақтаған шымкенттік дәрігер Ғабит Нұрханұлы қазақстандық әріптестеріне көңілі толмайтындығын жеткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Шетелге кетпестен  бұрын  ол елімізде дәрігер болып қызмет атқарған. Алайда, әріптестерінің мақсаты адамның денсаулығын сақтау емес, бизнес болып кеткендігіне ызасы келген.

«Шымкент — «жыландардың» ордасы ғой. Астанада тек дәрігерлер ақша алса, Шымкентте бәрі алады. Дәл медицина жағында осындай бизнес қатты дамып кеткен. Былықтарды айтсаң, жетіп жатыр. Елдегі дәрігерлер аштықтан ұят, намыс, ар дегенді ұмытқан. Науқастарға аш қасқырдай қарап тұрады. Германиядан кейін ол маған жабайылық боп көрінді»,

«Германияда 83 млн халық бар. Алақандай жерде осынша адам тұрады. Ауруханаларына келушілер өте көп. Бірақ, ондағылардың науқастан ақша алу деген ойына да кіріп шықпайды. Пара беру, алу деген жүйе жоқ ол елде. Мейлі әкім, мейлі дәрігер болсын, барлығы халыққа жұмыс істейді және сол үшін мемлекеттен жалақы алып отыр. Егер сіз Германияда туылсаңыз, қайда тұрамын не қалай күн көремін деп бас қатырмайсыз. Ол мемлекеттің проблемасы.

Алған жалақыңа қарай салық төлейсің. Барлығын мемлекет бақылап отырады. Мәселен 2 мың еуро жалақы алып жүрген мен 200 мың еуро тұратын көлік міне алмаймын. Мінген күннің өзінде, «қандай ақшаңа алдың?» деп мемлекет қадағалап отырады. Онда қалталы не қараша халық деп бөліп-жару жоқ. Медициналық қызметтің барлығы тегін. Олардың барлығында сақтандыруы бар. Ал бізде қалай? Менің түсінгенім, бізде адам денсаулығын «қара базарға» айналдырып жіберген «, — деді Ғабит Нұрханұлы.

Пікір қосу