Халық болашақ зейнеткерлерлік өміріне жинап жатқан ақшаларын, нақтырақ 200 млрд тг  енді банктерге көмек ретінде беретін болды. Үлкен қаражаттың банктерге бағытталып отығанын парламенттік тыңдауда Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев айтты.

«2018 жылы іске қосуды жоспарлап отырған облигациялық бағдарлама бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатты банктер мен корпоративтік қазақстандық эмитенттердің қаржы құралдарына инвестициялауды көздейді. Бағдарлама БЖЗҚ-нан 200 млрд теңгеге дейін қаражат алуды көздеп отыр», – деді Ақышев парламенттік тыңдауда.

Ақышевтың сөзінше, қаржыландыру бес жыл мерзімге банктік облигацияларды сатып алу арқылы нарықтық шарттармен қамтамасыз етіледі. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаржысын қорғау үшін, БЖЗҚ осы облигацияларға әр облигациялар шығарылымының көлемінен 50%-дан аспайтын көлемде инвестицияланады деп болжануда.

Яғни, оның айтуынша банкттер өзіне қаржы бөлінуі үшін, ол кеткен қаржының ақталатындығын дәлелдеуі қажет екен.

Ал, бұл жаңалықты естіген халық қарсы пікірлерін білдіруде. Әлеуметтік желілерде ел іші бұл шешімнің «әділетсіз» екендігін алға тартты.

Әлеуметтік желіде:

«Бұл соңғы тамшы.. Ұят қайда?»

«Сонда қалай болғаны? Мен өзімнің маңдай теріммен тапқан ақшамды банкке көмек ретінде беремін. Кейін дәл сол қаражатты пайызбен несие ретінде аламын ба? Онсызда су, свет, үйге кететін шығындарымыз өте көп. ӘЙтеуір бәріне ақша төлейміз. Қайда, кімге кетіп жатыр, белгісіз. Қайтарым жоқ.»

«Оданша бұл ақшаны халыққа берсе ғой. Кредиттері мен ипотекаларына деген қарыздарын жабар еді» деген секілді көптеген пікірлер қалдыруда.

 

 

Пікір қосу