Қазақстандықтар үшін жеңістің үсті тағы бір қуанышпен жалғасуда. Джакартадағы «Азияда-2018 » ойындарына еркін күрестен қатысқан қазақстандық спортшы Данияр Қайсанов күміс медаль иеленді,-деп хабарлайды Азаттық Радио. Балуан Данияр 74 кг салмақпен құрама қатарында бақ сынасқан.

Финалға дейін жеткен спортшы, ақтық мәреде өзбекстандық спортшы Бекзод Абдрохмоновтан жеңіліс тапқан.

Сонымен қатар, 86 кг салмақпен белдескен спортшы Әділет Давлумбаев үшінші орынға жайғасып, қоржынымызға қола медалін салды. Құттықтаймыз!

 

Пікір қосу