Түркия Қытай, Ресей, Иран және Украина сияқты ірі сауда серіктестерімен ұлттық валютада есеп айырысуға дайындалып жатыр. Бұл туралы ел басшысы Тайип Ердоған түркия-америкалық қарым-қатынасындағы дағдарыс аясында мәлімдеді,-деп жазды Tengrinews.kz

АҚШ президенті Дональд Трамп Түркиядан келетін алюминий мен болатқа баж салығын екі есе көтеру туралы шешім қабылдады. Шешім бойынша алюминийге 20 пайыз, ал болатқа 50 пайызға көтерді. Бұл өзгерту түрік лирасының тарихи минимумына дейін әлсіреуіне әкеп соқты.

«Біз Түркия Қытай, Ресей, Иран және Украина сияқты ірі сауда серіктестерімізбен ұлттық валютада есеп айырысуға дайындалып жатырмыз. Еуропа елдері доллардан бас тартқысы келсе, Анкара олармен де осындай есеп айырысуға өтуге дайын», — деді Риза қаласында сөз сөйлеген Түркия президенті Ердоған.

Пікір қосу