Дина,сізді танымал актриса ретінде жақсы білеміз. Алайда біздің оқырмандарымызға бірінші рет сұхбат беріп отыр екенсіз. Өзіңіз қай жерде дүниеге келдіңіз?

– Мен Жамбыл облысының тумасымын. Ата-анам медицина саласының қызметкерлері, олардың өнерге мүлдем қатысы жоқ. Отбасымызда екі қызбыз, яғни, меннен үлкен бір әпкем бар.

– Жақында жарық көрген Халықаралық “Алтын орда» атты тарихи телехикаяда ойнадыңыз. Өз кейіпкеріңіз жайлы айтып беріңізші.

– Бұл телехикаяда Айжан есімді басты кейіпкерлердің бірін сомдадым. Айжан­ – Берке ханның қартайған шағында ғашық болып өзіне мәжбүрлікпен әйелдікке алатын жас қыз. Менің кейіпкерім жамандық атаулыдан ада, пәк, жүрегі таза қазы қыз. Қыспаққа түскен Айжан айдаудан келген орыстың жас суретшісіне ғашық болып қалады. Осы шиеленіске толы жағдайда оның трагедиялық оқиғаларды басынан өткізуге тура келеді.  Image result for дина тасбулатова

– Кейіпкеріңіз өзіңізге ұнай ма? Оның қандай қасиеттерін жоғары бағалайсыз?

– Менің кейіпкерім сырт көзге өте нәзік, сезімтал болып көрінгенімен, ішкі жан дүниесі мықты, әрі тағдыр басына салған түрлі соққыны мойымай қабылдай біледі. Айналасындағы қатігездіктерге қарамастан өзінің адал мінезін жоғалтпайды. Мен өз кейіпкерімнің осы қасиеттерін бағалаймын.

– Фильмде сізге қандай сахналарда ойнау қиынға соқты?

– Махаббатты көрсету қиын болды. Басқа актерлер үшін, атқа мініп шабу, соғысу қиын болса, мен үшін осы сезімге толы сахналарды ойнау оңайға соқпады. Өзге адамға деген ғашықтықты көрерменге жеткізу мен үшін өте қиын. «Мен бұл сезімді көрсете алдым ба, көрерменге жеткізе алмай алдым ба» деп қатты уайымдадым.

Телехикаядағыдай өзге ұлттың жігітіне ғашық болсаңыз, тұрмыс құрар ма едіңіз?

– Өмірлік жар таңдарда менің серігімнің қандай ұлт өкілі екені маңызды емес. Мен үшін ең бірінші адамның өзі, әрі ішкі дүниесі маңызды. Егер сүйген ер азаматыммен жарасып тұрсақ ешқандай нәсіл, ұлт, тіл кедергі бола алмайды деп ойлаймын.Related image

– Дина, сізге қандай жігіттер ұнайды?

– Бұл өте қиын сұрақ. Мен үшін сыртқы келбет маңызды емес. алайда толық адам маған ұнамайды. Менің ойымша ер азамат өз салмағын өзіне лайықты ұстау керек. Болашақ жарым ақылды, өз-өзіне сенімді азамат болса екен деймін. Екеуміздің ортақ тақырыптарымыз болса, жақсы болар еді.

– Сіздің айналаңызда «Дина, Тұрмыс құратын уақытың келді» деп  жиі сұрап мазалайтындар көп бе?

– Әрине, қазақ болғаннан кейін туыстар арасында солай айтатындар бар. Алайда ата–анам ешқашан мені асықтырған жоқ. Әр нәрсенің өз уақыты бар деп ойлаймын. Егер мен сүйген адамымды кездестірсем міндетті түрде тұрмыс құрып, әйелдік міндетімді атқаратын боламын.Image result for дина тасбулатова

– Өзіңіз өмірде қандай қызсыз?

– Менің мінезім қарама-қайшылықтарға толы. Өте көңілдімін, ашықпын, алайда  бес минуттан соң бірден мүлдем ешкіммен сөйлемпей қоюуым мүмкін. Соңғы уақыттары өзімді социофоб сезініп жүрмін. Көпшілік алдына шыға бергенді ұнатаймын, тек үйде өз жұмысыммен айналысқанды қалаймын. Әсіресе оңаша отырып поэзия оқыған жаныма жақын.

Сұхбаттасқан Айнұры ЕСЕНҒАЛИ

 (Сұхбаттың толық нұсқасын «Жұлдыздар отбасы» журналынан оқи аласыздар)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір қосу