Әріптестерінен қалыспай, Ерке Есмахан кино түсіргісі келетіндігін айтқаны есімізде. Тіпті, түсірілім жұмыстарын бастап кеткен еді.

Енді, танымал әнші Төреғали Төреәлі де кино әлеміне араласпақ. Ол «Ұлы дала комедиясы» атты фильм түсірмек. Бұл туралы әнші өзінің жеке парақшасында бөлісті.

“Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын. “Бисмилләh” деп түсірілімді бастадық. Сәттілік тілеп қойыңыздар”, – деп жазды әнші.

Пікір қосу