Жақында ғана, көп қыздың арманы, ағайынды Төлеповтердің кішісі, депутат Асылхан отау құрған еді. Енді, ағайындылардың үлкені, актер Артур Төлепов те шаңырақ көтеруге ниеттеніп, қалыңдығын ұзатып алды. Болашақ жарының есімі- Мадина. Мадина Қарағанды жерінің тумасы. Қуанышты жаңалықпен Артурдың қарындасы Айдана Төлепова өзінің жеке парақшасында бөлісті.

«Эксклюзив. Бақытты болыңдар»-, деп жазды Айдана. Ал, әлеуметтік желі қолданушлары екі жасқа ізгі тілектерін білдірді.

Естеріңізге сала кетсек, Артур Төлепов өзінің қалыңдығына інісінің тойында сөз салған еді.

 

Пікір қосу