• Қуандық мырза, былтырғы Білім және Ғылым министрлігінің Ұлттық Бірыңғай Тестілеу жүйесіне енгізген өзгерісі дұрыс орындалмай, халық наразылығына ұшырап еді. Осы жылы да бірнеше өзгерістер енгізген. Жалпы бұл жаңа ҰБТ жүйесі қаншалықты нәтижелі?
  • Білім Министрінің ұсынып отырған негізгі мақсаты мен мотиві дұрыс. Ұлттық Бірыңғай Тестілеудің жүйесі негізі әлемдік тәжірибиеден өткен, ең ыңғайлы жүйе. Кем тұстары бар болғанымен, адам баласы біліктілікті объективті түрде бағалайтын бұдан артық жүйе ойлап тапқан жоқ. Алайда, өкініштісі қабылданған реформаны дұрыс жүзеге асыра алмай отырмыз. Тестілеу орталықтары, әдіскерлер тестті дұрыс жасамайды. Баланың логикалық ойлау деңгейін, оның қаншалықты белгілі бір пән бойынша хабары бар немесе жоқ екенін айқындайтын, нақты бір ғылымға негізделген тест сұрақтарын құрастыру керек. Өкінішке орай, біздің тестілеу орталықтары сұрақтарды статистикаға негіздейді. Мысалы, «пәленше адам қай жылы туып, қай жылы қайтыс болды» деген секілді сұрақтар өте көп. Бала пайдалы білім алудың орнына, сол сандары жаттаумен ғана болуда. Яғни, балаға ешқандай танымдық мәлімет бермейтін сұрақтар беріледі. Тіпті, осы күнге дейін Ұлттық Бірыңғай Тестілеуде пәнге қабыспайтын сұрақтар да кездесті.

Содан кейін,  ата-аналар «ауызша емтихан жақсы еді. Тест деген балаларға кері әсер етуде. Балалар сөйлесуден қалды. Үнемі тест жаттап қана отырады» деп наразылықтарын білдіріп отыр. Енді бұл мәселеге кім кінәлі? Бұған елбасы Н.Ә.Назарбаев пен Білім және Ғылым министрі Ерлан Сағадиев кінәлі емес. Олардың реформасы дұрыс. Бұл мәселенің туындауы өзіміз секілді  орта және төменгі буындардың, атқарушылардың кінәсі. Мемлекеттен тест жасауға қаражат бөлінеді. Содан атқарушылар бұл жауапкершілікті, өздерінің таныс-тамырларына, көздеріне көрініп жүрген адамдарына тапсырады. Ал, оның біліктілігіне баса назар аудармайды. Нәтижесінде осындай сапасыздыққа тап болып отырмыз.Картинки по запросу ҰБТ

  • Тестілеу орталықтарының жасап жатқан тесттерін қадағалаушылар бар ма?
  • Бар. Білім және ғылым Министрлігінің комитеті, сонымен қатар бақылап отыратын департаменттер толып тұр. Кейде солар «қайда қарап отыр?» деп ойлаймын. Сонымен қатар, тестті арнайы әдіскерлер тексеруі қажет. Бұл мәселеге келгенде де біздің атқарушылар өте салғырт қарайды. Олар ,мәселен ,бір педагогикалық университеттен методистерді іздейді. Естіп-білген әдіскерлерді ала салады. Ал, ондайға шынайы, білікті мамандар қамтылмайды. Себебі нағыз мамандар сыншыл, мінезі шатақ болып келеді. Олар басшылыққа жақпайды. Оларға ақшасын алып, жылы жабатын адам керек. Осындай ақшақұмар адамдар тәуір реформаны бүлдіріп отыр.
  • Былтырғы ҰБТ «алтын белгі» иелеріне байланысты үлкен дау-дамай шу болған еді. Бірі «алтын белгі» иегерлеріне жеңілдік болғаны дұрыс десе, бірі құптамайды. Бүған сіздің көзқарасыңыз қалай?
  • Қазіргі таңда алтын белгінің құны жоқ. Себебі алтын белгі жемқорлықтың былығына әбден батқан. Ата-аналар балаларын мектепке берген соң, сынып жетекшісіне, одан кейін таңдайтын бес пәннің ұстаздарына жағымпазданады. Тікелей түрде жемқорлыққа бармаса да, жанама түрде сыйлығын алып беріп, қонаққа шақырып жүзеге асырып отырады. Мұғалімдер де адам болған соң, иланады. «Ата-анасы жақсы екен» деп, баланың біліміне қарамай алтын белгісін алып береді. Міне, мектепте осындай сүйкім пайда болған. Оны жасырудың қажеті жоқ. Кейін бала «алтын белгіні» алады. Сол бала ҰБТдан 75  балл алып шығып, алтын белгісімен оқу орнына оқуға түседі. Ал, оның қасында алтын белгісі жоқ, бірақ 100 балл жинаған бала оқуға түсе алмай қалады. Бұл әділетсіздік. Мен «алтын белгі» иегерлерінің жеңілдікке ие болуларын құптамаймын. Сонымен қатар, біздегі халықаралық жарыстар, олимпиадалар бәрі жалған. Осындай жарыстардың барлығының көзін құрту қажет. Себебі, үлкен өмірге қадам баспай жатып осындай әділетсіздікті көрген бала қандай болып өседі? Олардан не күте аламыз? Сөзбен ақыл айтқанға жақсымыз, ал ісімізбен үлгі көрсетерліктей емеспіз. Әділетсіздікті көріп, біздің қоғамнан көңілі қалған жастар шетелге кетіп жатса, ренжіп те жатамыз.Картинки по запросу алтын белгі
  • ҚР Білім және Ғылым Вице-минисртрі Асхат Аймағамбетов «Енді басымдық тек қана ұпайлары бірдей болғанда ғана берілетін болады. Тек осы жағдайда «Алтын белгі» иегерлері басымдыққа ие болады.». Ал, енгізілген бұл өзгеріс әділетті ме?
  • Былтырғы ережемен салыстырмалы түрде қарасақ, бұл енгізілген өзгеріс ақылға қонымдырақ. Алайда, таза әділетті деп айта алмаймыз. Менің ойымша, «алтын белгіні» мүлдем алып тастау керек. Мен Жоғарғы оқу орындарында сабақ бергенмін. Тәжірибиеме сүйеніп айтар болсам, «алтын белгі» иегерлерінің ешқайсы болашақта лидер бола алмайды. Қазіргі таңда бизнесте, саясатта болсын жүрген адамдардың арасында «алтын белгі» иегерлері саусақпен санарлық . Оларға қарағанда , адал жолмен орташа бағаға оқыған, «алтын белгі» деген әділетсіздіктің кесірінен жекеменшік университеттерде ақылы бөлімде оқып жүрген студенттер білімдірек. Және солардың арасынан көптеген мықты кәсіпкерлер, саяси көшбасшылар шығып жатыр. Қазір қарап отырсаңыздар, жұмыс берушілерде ойлана бастаған. Бұрынғыдай жұмысқа қабылдау барысында студенттің алтын белгісіне, қызыл дипломына қатты назар аудармайды. Тіпті, «Еуразия Ұлттық Университетін қызылға бітірген» дегенді естісе, ат тонын ала қаша жөнеледі.  Жұмыс берушілер «ол университетте қалай білім беретінін білеміз, бәрі сатып алады» деп жатады. Оның орнына жекеменшік университетте ақылы оқыса да, дарынды балаларды жұмысқа қабылдайды.
  • Әлеуметтік парақшаңызда «Жалпы мемлекеттік білім грантын тек қазақ тілінде оқитын түлектерге ғана бөлінуін бүкілхалық болып талап етуіміз керек. Егер, орыс тобында білім алғылары келетіндер болса, ақысын төлеп оқи берсін, мархабат!» деп жазыпсыз. Ал, биылдан бастап түлектерге қазақ пен орыс тілімен қоса, ағылшын тілінде де тапсыру мүмкіндігі беріліп отыр. Егер сіздің талабыңыз жүзеге асса, ағылшын тілінде тапсырған мектеп бітірушілердің жағдайы не болмақ?
  • Әр мемлекет өз бюджетін ұлттық мүддесіне жұмсайды. Мысалы, АҚШ, Қытай секілді алпауыт мемлекеттер тек мемлекеттік тілде оқитын студенттерге грант бөледі. Басқа тіл бөлімінде оқып жүргендерге ешқандай бюджеттен қаражат бөлінбейді. Елімізде білім грантын орыс бөліміне бөлу дегенге мен ешқашан келіспеймін және қабылдай алмаймын. Қазіргі таңда ,өкінішке орай , орыс мектептерінде басым көпшілігі қазақ балалары білім алады. Біз мемлекеттің мүддесін ойлауымыз керек. Бұл сөзімді Қазақстанда өмір сүретін басқа этнос өкілдеріне дискриминация деп қабылдамаңыздар. Егер жоғарғы білім алғысы келсе, мемлекеттік қазақ тілін үйреніп, мектепте қазақша оқып, мемлекеттік тілде емтихан тапсырсын. Оның ұлтына, тегіне қарап шектемейміз. Ал, қазақ тілін қажет етпей, орыс тілінде оқимын деген адамға, мейлі ол қазақ баласы болса да, грант берілмеуі керек деп есептеймін. Егер солай шешім қабылдаса, ақылы оқысын. Мемлекеттің ақшасы, мемлекетке пайдалы дүниеге жұмсалуы қажет. Ертеңгі күні мемлекеттік органда жұмыс ітеуі үшін қазақ тілін білуі міндетті. Ал, егер ол адам қазақ тілін білмесе, мемлекет қызмет етпесе қаражат далаға кетті деген сөз.Картинки по запросу мемлекеттік грант

Ал, демократиялық заңдылық сүйенсек, азшылық көпшілікке бағынады. Ресми ақпараттар бойынша, мектеп бітірушілердің 83% қазақ тілінде тапсыруға ұсыныс білдірген. Сәйкесінше, көпшілік қазақ тілін таңдап тұрса, мемлекеттік грант қазақ тілді бөліміне бөлінуі керек. Ал, жаңадан енгізіліп жатқан ағылшын тілінде тапсыру және оған грант бөлуге мен келісемін. Тіпті, ағылшын тілінде тапсырамын деушілер көбейсе мен қуанамын. Себебі бұл орыс тілін ығыстыруға қажет. Бүгінгі таңда орыс тілі Біріккен Ұлттар Ұйымының брифинг тізімнен алынып, халықаралық статусынан айырылған тіл. Ал ағылшын тілі әлемдік тіл болып есептелгендіктен оған еш қарсылығым жоқ.

  • Бұдан былай Ұлттық Бірыңғай Тесітлеу мектептің рейтингісіне әсер етпейтін болды. Бұл шешім мектеп басшылары мен мұғалімдердің оқушының біліміне, дайындығына салғырт қарауына әкеліп соқпай ма?
  • Бұл шешімді мен қолдаймын. Ұлттық Бірыңғай Тестілеудің мектептің рейтингісіне әсер ептеу өте дұрыс шешім. Себебі, санның артынан қуаламау керек. Санына қарағанда, сапасына баса назар аударған жөн. Ал, мұғалімдер мен басшылықтар салғырттығына келетін болсақ, ол олардың қызметіне деген жауапкершілігіне байланысты. Мұғалімдер қызметтерінің маңыздылығын, білім саласының елімізді алға дамытатын фактордың бірі екендігін түсінуі қажет. Ал, салғырттықпен қараса, жұмыс орнын босатсын.

Дайындаған Наргиза Аршидин

 

 

 

 

Пікір қосу