Жыл сайын «Кешью» тобының құрамы өзгеру дәстүрге айналды. Не үшін құрамы өзгере беретіндігін түсіндіруден топ продюсері Баян Мақсатқызы да шаршаған. Сонда да Баян өзінің жеке парақшасында топқа қосылған Ақбота есімді қызды жұртқа таныстырды.

«-Топқа келіп-кетіп жатқан қыздардың себебін түсіндіруден шаршадым. Не болса да әйел адамның тағдыры-отбасын құру! Біздің топқа 17 жастағы Ақбота есімді талантты қыз қосылды. Ол Элизаттың орнына келді. Элизат тұрмысқа шығатын болғандықтан, топтан кетті. Біз Элизатқа бақыт, ал Ақботаға шығармашылық сәттілік тілейміз.»,- деді продюсер.

Пікір қосу