Қасиетті Рамазан айы келіп, барша мұсылмандар ораза ұстап ниет етуде. Олардың арасында отандық әншілеріміз де бар. Сонымен қатар, әншілер Рамазан айына арнап ән жазып, бейнебаян шығарған.

«Азиз есімді бауырымыз осы тақырыпта ән жазып, бейнебаян түсіруге ұсыныс тастады. Бұл ұсынысын ести сала, бірден келістім. 11 ай бойы «той, концерт» деп өз қалтамыз үшін ән жазамыз. Осы жолы қасиетті айда Алла разылығы үшін ән жазсақ дедік. Негізі көп әншілер келісті. Құдайға шүкір, қазіргі таңда көптеген әншілер намаз оқиды. Бірақ, ол кісілердің барлығы бейнебаянға түсе алмады.»- дейді, әнші Бейбіт Көшқалиев.

 

Пікір қосу