Пәкістанда Рашид Насим есімді спортшы 1 минутта 51 қарбызды басымен жарып, әлем бойынша жаңа рекорд орнатты.

2011 жылы германилық рекордшы Тафзи Ахмед осы уақыт ішінде 43 қарбызды жарған еді. Осы жылы Насим оның рекордын жаңартып, 51 қарбызды басымен жарып тастады. Сонымен қатар ол 60 секунд ішінде 281 грек жаңғағын қолымен шаққан.

Спортшының айтуынша мұндай нәтиже көрсету үшін, ол көп дайындалған.

«Әлемдік рекорд орнату үшін көп жаттығу керек. Мен бірнеше ай дайындалдым. Осылай өнер көрсетіп, рекорд орнату үшін біраз ақша жұмсау керек. Мен оны демеушілер мен мемлекеттің көмегінсіз жасадым», – дейді рекордшы.

Пікір қосу