Әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова келіндерін алдымен тексерістен өткізеді екен.

Бұл туралы «Ел аузында» бағдарламасында бөлісті.

«Біздің отбасымызда үйден кетіп қалу деген түсінік жоқ. Барлығымыз дәстүрді ұстанамыз және жақындарымыздың тыныштығын қалаймыз. Егер келін «кетемін» деп шешсе, ол біржола кетеді», – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Сонымен қатар Айдарбекова отағасының ұрыс-керісті ұнатпайтынын айтты. Сол себепті үйде ұрыс-керістің болмайтындығын, болсада көрсетпейтіндігін айтты.

Сондай-ақ, Қайраттың анасы ұлдарының үйленуіне келісім берер алдында келіндерімен жеке танысып, тәрбиесін тескеріп алатынын айтты.

Пікір қосу