Белгілі әнші Мадина Садуақасова тарихи фильмде қазақ батырының анасының образын сомдауы мүмкін. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желісіне аяғы ауыр суретін салып, хабармен бөліскен болатын.

“Ал, басынан бастайын… Тарихи киноның кастингіне арнайы шақырды. ХVІ ғасырда өмір сүрген әйгілі қазақтың қаһарман батырының анасының рөліне. Мынандай кастингке алғашқы баруым, өте ұзақ грим жасалды, сосын одан ұзақ қандай тұлғаны, оның образы қандай, тарихын, оқиғасын сосын ғана ойнайтын сәті жайында айтып берді… Әрине, кәсіби актриса емеспін, бірақ қазағымның тарихы, ата бабаларымыздың ерліктері жайында әңгіме қозғалса, еліміз, жеріміз үшін қалай шайқасқандарын айтқанда қандай да қазақ рухтанады ғой…Ал енді сол батырдың анасының бейнесін ешқандай ойнамай ақ шынайы көрсетіңіз дегенде… Қыздар, шыныңызды айтыңыздаршы, типажыңыз келіп тұр, кинода ойнасыз ба? “-десе, кім ” отказ” береді?! Мен де көрейін дедім, енді”, – деп түсіндірді Сәдуақасова.

Пікір қосу