Елімізге белгілі КешYou тобының экс-әншісі Сара Амангелді Нұржан Керменбаевпен дуэт құрды.  Олар “Доғар” атты ән жаздырған. Енді, қос әнші сол әнге бейнебаян түсіруге кірісіп кеткен.

Бұған дейін аталған әнді Керменбаев өзінің шәкірті Шоқан Уәлиханмен бірге орындаған.

“Бұл әнді қайта жаңғыртып жатырмыз. Өйткені мәтініне қарасақ, таза қыз бен жігіттің арасындағы диалог екен. Шоқанның алдынан өту бір парызымыз. Бауырым, шәкіртім болса да, алдынан өттім”, – деп түсіндірді ол.

Сара алғаш бұл әнді көлікте келе жатып тыңдаған. Сол сәттен бастап бұл туындыға ғашық болыпты.

“Бұл ән қатты жүрегіме тиді. Бірінші нотасынан мен бұл әнге ғашық болдым. Нұржан аға, сізге көп рақмет. Ол менің арманым. Маған сіздің даусыңыз, өнеріңіз қатты ұнайды”, – дейді Сара.

Пікір қосу