Бүгінде Ерке Есмаханның жұлдызы жанып, ел ішінде әндері мен бейнебаяндары жақсы тарап жатқандығы шындық. Осындай жарқырап жүрген Ерке туралы халық ішінде пікірлер қалыптасқан.  Солардың ішінде жиі айтылатын пікірлердің бірі » Ерке 10 жыл деген әрең көтерілді ғой». Бұлл пікірді бірі Еркені қолдау үшін айтса, бірі сынап айтқан.

Бұл пікірді Еркенің өзі де естіп, ренішін білдірді. Ол өзінің жеке орындаушы ретінде қазақ эстрадасында небәрі 5 жыл жүргендігін алға тартты.

“Қымбатты достарым! Жақын арада, Алла қаласа, кезекті бейнебаянымды ұсынамын! Бұл менің жеке әнші боп саxнаға шыққан 5 жылдағы 10-шы бейнебаяным екен. Иә, иә, Ерке Есмаxан деген әншінің үлкен саxнада жүргеніне 5 жыл! 10-11-15 жыл емес! Оған дейін мен “Іңкәр” тобының құрамында 4 жыл ән айттым. Кейін топ тарады, менің жеке өмірімдегі өзгерістерге орай саxнадан қол үзе тұрдым”, – дейді Ерке.

Картинки по запросу ерке есмахан

“Ерке “10-15 жыл дегенде әрең көтеріліпті, үйтіпті-бүйтіпті” деген сияқты ақпараттарды көргенде жаға ұстаймын. Мен өз жолыммен жүріп келе жатырмын. Алланың бұйрығымен шығармашықтың әр баспалдағын асықпай басып келем… Өмірдің кей жерлерінде сүрініп кету кез келгеннің басынан өтеді. Мен оны “әрең көтерілгенге, бағы жанбай қойғанға” жатқызбаймын”, – деп атап өтті әнші.

Сонымен қатар, әнші жақында өзінің концерттік кешін ұйымдастыруды жоспарлауда екен.

Пікір қосу