Жақында ғана жарыққа шыққан «Жена- не стена» фильмінде  басты рөлдегі қызқұмар жігіттің рөлін Дәурен Айдарқұлов сомдады. Бұл рөлін халық Дәуреннің өзіне ұқсайды деп баға беруде. Тіпті, режиисердің Дәуренді таңдауының себебі де осы болған-ды.

“Алғашқы таңдауым Кенталға түскен. Бірақ Кентал бауырым мені кешірсін. Себебі бұл рөлге Дәуренді көбірек лайық деп таптым”, – дейді Бисембин.

Атышулы Дәуреннің өзі де бұл пікірге қосылады.

“Өмірдегі Дәуренге де бұл образ қатты ұқсайды деп айта аламын. Иә, негізі осындаймын”, – дейді Айдарқұлов.

Алғашқы көрермендердің комедияға көңілі толғанымен, Дәуреннен мұндай жауапты күтпеген…

“Қате дүние енді. Сен өмірлік жарыңды таңдағаннан соң, міндетті түрде онымен бүкіл өміріңді сүруге тиіссің”, – дейді тележүргізуші Марат Оралғазин.

Ал, Айдарқұловтың талантына тәнті болған Айнұр Ілиясова, атышулы актерды әрдайым қолдайтынын айтады.

“Дәуреннің әйелі болғың да келеді, Дәуреннің ашынасы да болғың келеді. Дәурен өте тартымды. Көре бергің келеді. Қарай бергің келеді оған”, – дейді Айнұр Ілиясова.

Пікір қосу