Жақында шулы болған Жан Ахмадевтің жөзекшелерді қамшымен сабап жүрген бейнесін Баян Алагөзова сынға алған еді. Енді қызы Айсауле Бақытбек те анасының сөзіне қосылып, Жан Ахмадиевтің бұл қылығын ерсі деп пікір білдірді.

Айсауле Ахмадиевтің бұл ісін нағыз еркектің ісі емес екендігін, керісінше өз-өзіне сенбейтін әлсіз еркектің әрекеті деп бағалады.

«Мұндай еркек әйелдерді сыйламайды. Ол оларға шектеу қойып, дұрыс өмір сүруге мүмкіндік бермейді. Ол әйелге  «қысқа киме, мені тыңда» деп басқарғанды мақтаныш көреді. Ол осылай жөзекшелерді ұрып жазалауды, нағыз еркектік деп есептейді.»- деді

«Тіпті, «еркек емес есексің» деп жазды әлеуметтік парақшасына қатты ашуланған Айсауле.

Пікір қосу