Тұрсын Алагөзов отбасынан бөлініп, жеке отбасы құрғалы өзнің ұлы Арсен Алагөзовпен арасы жақсы болмаған. Жақында тіпті, ұлы әкесінің үсітнен арыз түсірген еді. Оған Тұрсын Алагөзов та шетте қалмай баласына хат арқылы жауап қайтарған. Бұл әрекетіне ұлы Арсен өз жауабын берді.

«Әке, не себепті маған ел алдында хат жазып жүрсің? Сен менің ұстанымым мен нені бағалайтынымды өте жақсы білесің. Екі жылдан бері аузымды ашпадым. Айтатын нәрсе жоқ емес. Бірақ, бірінші кезекте отбасын қорғау керек екенін білдім. Әлдене болып жатқан жағдайда отбасы ішінде шешу керек екенін білем. Әмина, анам үшеуміз сені жаңа өміріңді бастауыңа қарсы болмадық. Бірақ, сенің бізге деген сезімің мен әрекетіңді тек БАҚ арқылы біліп жатамыз. Сен кеткеніңмен көптеген жұмысты аяқсыз қалдырып кеттің. Уәде етілген қанша жұмыс қалды аяқсыз. Осы уақыт аралыңында соның бәрін өзіміздің атқаруымызға тура келді. Кей мәселелерді өздігімізден шеше алмаймыз. Сондықтан мемлекеттік органға хабарласамыз», – деді ұлы.

Арсен сотта арызданған пәтер мәселесін де айтып өтті.

«Ал пәтерге келсек, 2017 жылдың қарашасынан бастап келісім шартты бұзып, баспананы салған адамға қайтару керек болған. Сен пәтерді босатпағандықтан, күні бігінге дейін жалға алу ақшасын төлеуіме тура келді. Әке, уақыттың тез өтетіні соншалық, кейде ойлап үлгермейсің. Мен 2016 жылы бәрін ойлап, өз шешімімді шығарғам. Менің өз өмірім, сенің өз өмірің бар», – деп жазылған хатта.

Арсен Алагөзов бірінші кезекте отбасын қорғайынын айтты.

«Әпкем секілді отбасылық мәселе өз ішімізде қалу керек деп санаймын. Бала мен бауыр ретінде анам мен әпкемді барынша қорғаймын. Біздің отбасымызға БАҚ-тың назарын аудартпауға тырысам. Сол себепті де желіде парақшамыз жабық. Журналистердің сұрағына жауап бермей жүрміз», – деп қорытты ойын Арсен.

Пікір қосу