Жақында ғана Жұбаныш Жексенұлы үлкен ұлы Әбілқайырды үйлендіріп, дүркіретіп той өткізген еді. Көпшілік тойдың суреттерін әлеуметтік жеоі арқылы көріп, «келіні орыс ұлтының қызы ма ?!» деп болжаған еді. Бұл сұраққа Жұбаныш Жексенұлы Stan.kz берген сұхбатында жауап берді.

«Иә, келін түсірдік. Үлкен ұл үйленді. «Мәриям Жагор деген орыс қызы» – деген ән бар ғой. Сол «Дудар-ай» әнін талай жылдар айтып келе жатырмын. Осы әнді айтып жүріп ұлымның өмірінің жолында Мәриям деген қыз шығып, қазір отбасын құрды. Тойын өткіздік. Құда-құдағи болдық. Қызық болып жатыр. Итальян қызын келін қылып түсірдік. Қарсы болған жоқпын», – дейді Жұбаныш Жексенұлы.

Пікір қосу