Эстрадамыздағы әншілер бірінен-бірі қалмай кино саласына араласып, өз туындыларын түсіреуде. Бірі көрерменнің көңілінен шықса, бірі сын астына қалып жатыр. Осындай әншілердің қатарына Ерке Есмаханда қосалмақ. Ол да кино түсіру жоспарын да бар екен айта кетті. Бұл туралы Ерке  «The Эфир» бағдарламасына келгенде сөз қозғап кетті.

“Кино түсіретінім рас. Сынға дайынмын, мені көрермендер жақсы көреді, қолдайды деген ойдамын. Өзім де көрерменнің үмітін ақтаймын деген ойдамын. Бұл да бір белес. Әнші ретінде аяғыма тұрып, еңсемді көтеріп, бір дәрежеге жеткен кезде адамда әрі қарай талпыныс болу керек. Толдым, бітті, енді мен мен күштімін деген болмайды. Сондықтан да бір нәрсені басынан бастау керек болады. Міне, енді тәй-тәйлап қадам басайын деп тұрғаным – бұл кино әлемі”, – дейді Ерке.

Қазіргі тағда Ерке Есмахан кино түсіруге өзінің командасын жинақтау үстінде екен. Алайда, фильмнің қандай тақырыпта болатынын құпия ұстауды жөн көрді.

“Оқуын оқып, киноның түбіне жеткен сыншылар бар. Олар “әншілер кино түсіріп, басымызға бәле болды ғой” деп айтатын шығар. Бірақ енді сұраныс бар. Оған Нұрлан Қоянбаев, Нұртас Адамбай, Әсел Сәдуақасова, Құралай Анарбекова, Қайрат Нұртас дәлел. Неге мен де келмеске? Менің де сценарийім кем болмайды. Осы бірінші кинодан кейін түсінетін боламыз”, – дейді әнші Ерке.

Пікір қосу