Әлішер Кәрімов азаматтық некеде тұрған қалыңдығымен айырылысқандығын айтты. Бұл туралы ол 31-арнаның «Айта берсін бағдарламасына» келгенде сөз қозғап кетті.

“Өмір заңы – кездесу мен қоштасу. Кездесеміз, қайта қоштасамыз. Біреу – ерте, біреу – кеш. Барлығы әдемі басталды, әрі қарай да әдемі бірақ бөлек жалғасады. Өмірімде болып жатқан жайттар осы. Мұның барлығын 3 наурыз күні «Қазақстан» концерт залында өтетін ән кешімнен естисіздер”, – дейді Әлішер.

“Ол менің қазіргі күйім. Сондықтан да қазір белсенді жұмыс істеп жатырмын. Ал ол (авт. экс сүйіктісі) туралы қазір сөз қозғағым келмейді, екеуміз жақсы дос болып қалдық. Шығармашылықта болашағы зор екеніне сенімдімін. Лайықты серік табады деп үміттенемін. Бірақ енді менен асқан жігіт бола ма, ол жағын білмеймін. Әлі де сөйлесіп тұрамыз. Мысалы, жақында сөйлесіп, кофе ішуге уәделестік”, – деп ағынан жарылды Кәрімов.

Ескере кетсек, Әлішер Кәркмов өзінің бейнебаянына экс-сүйіктісін түсірген болатын.

Пікір қосу