Сәкен Майғазиев Hit-TV арнасына берген сұхбатында Мейрамбек Бесбаевтың ешкім білмеген құпиясын жария етті.

Сұхбат барысында Сәкен бала сүйе алмай, қиналған кезінде жұбайы Динараның тоқал алып беру туралы ұсыныс тастағаны туралы айтты.

«Әр адам көпбала сүйгісі келеді. Бірақ қазір бір-бірін дұрыс түсіне салатын заман емес. Кей отбасыларда қабылдай алмай, түсініспеушіліктер туындап жатады. Ал кей отбасы да екі-үш әйел алса да, бәрі жайлы болып, тату болып жатады. Біз демографияға қандай үлес қосып жатырмыз деп өзіме ренжимін.»- деді әнші

“Мысалы, кешегі Бәйдібек бабамыз Домалақ ананы алмағанда 40 рулы ел тарайтын ба еді? Қазақтың бір ғана Абайын алайық. Өзіміздің Мейрамбекті алайықшы. Мейрамбектің әкесі атасының екінші әйелінен туған. Егер де Естай атамыз Әбіләшім әкеміздің анасын екінші әйелін алмағанда, қазақтың Мейрамбегі болмас еді ғой . Мысалы, Сейфуллин Жолбарыс ағамыз да қателеспесем екінші не үшінші әйелінен тараған. Бірақ Сейфуллин: “Бәйбішенің барлық балаларымен араласамын. Керек болса аяқтандырдым қолымнан келгенше, үй алып бердім. Олар менен ешқандай қорлық көріп жатқан жоқ”, – дейді. Яғни ол адамның санасына байланысты”, – дейді Майғазиев.

Еске сала кетейік, жуырда ғана Майғазиевтің төртінші рет әке атануғадайындалып жүргенін хабарлаған едік.

Пікір қосу