Композитор Қалдыбек Құрманәлі қазақ өнерінде «Жұлдыз ауруымен» ауырған әншілердің тізімін айтты. Бұл тізімде Қыдырәлі Болманов пен Ернар Айдар бар екен. Бұл туралы  Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында айта кетті.

«Біздің өнерде жүргендердің басым көпшілігі «жұлдыз ауруымен» ауырады десем өтірік емес. Жұлдызы жанып тұрған кезде, тіпті танымай кетеді, телефонын өшіріп тастайды. Бірақ, дерттері басылатын әншілерде болады. Мысалы, Қыдырәлі Болманов, «АБК» тобының атағы аспандап тұрғанда қолғаппен сәлемдесетін еді. Қазір олардың жұлдызды дерті басылды. Тіпті, кезінде солай істегенсің деп едім, Қыдырәлі: «Иә, рас Қалдыбек мойындаймын» – деді. Ал, мойындамаса, мойындатамын!», – дейді композитор.

Сондай-ақ, сазгердің Ернар Айдарда көңілін қалдырған көрінеді.

«Мына Ернар Айдар сол тізімде. Бір ағасы бар. Сол ағасымен ғана сөйлесесің. Кім ол сонша? Қатыспаса қойсын. Онсыз да концерт өтеді. Қоңырау шалсаң, 4-5 директор тауып алған. Кім екеніңді айтсаң, қазір хабарлайын дейді. Қазір министрге телефон соғу оңай, жас әншілерге қарағанда. Тойдың деңгейінде жүрген әншілер бұлар. Базардың маңайында жүрген сияқты. Базар деген алдау үшін құрылады. Олар өнерді де базар деп ойлап қалады. Өнердің киесі бар. Өнердің киесі Құдай ұрғанмен тең. Бізде тойдың әншісі бар, сахнаның әншісі және құдалықтың әншісі бар. Бұлар құдалықтың әншілері»,  – дейді Қалдыбек Құрманәлі

Айта кетейік, осы уақытқа дейін әрдайым әртістермен жұмыс жасап келген композитор «Жұлдызды дертке» шалдықпаған өнерпаздардың да бар екенін жасырмайды.

«Олар санаулы, аз! Мысалы, ауырмаған Жұбаныш Жексенұлы, Саят Медеуов, Досымжан Таңатаров, Мақпал Жүнісова, Майра Ілиясова, Жеңіс Ысқақова, Тоқтар мен Бейбіт, Мақсат Базарбаев, Алтынай Жорабаевалар өмірі жұлдызды дертке шалдықпағандар. Концертке катыса алмайтын болса, қатыса алмайтындарын бірден айтады, алдамайды! Өзін құрметтеген адам, өзгені де құрметтей алады», – дейді сазгер.

Пікір қосу