Баян Мақсатқызы аруларды  жобаларының бірі «Қазақ аруы 2018» байқауында бағын сынап көруге  кастингке шақырды. Бұл туралы Баян Алагөзова өз парақшасында мәлімдеген болатын.

«Осы жолғы байқау ерекшеліктерге толы. Себебі байқауға Қазақстаннан  бөлек 5 мемлекеттен, дәлірек айтқанда Ресей, Турция, Моңғолия, Өзбекстан және Қырғызстандағы қазақ қыздарының қатысуына мүмкіндік болады. Кастинг 5-6 ақпан аралығы өтеді»- деді Баян Мақсатқызы

Сонымен қатар, жоба жетекшісі байқау шарттарына да тоқталып кетті. «Қазақ аруы 2018» байқауының үміткері жас аралығы 16-23, бойы 170 см ден жоғары, міндетті түрде мемлекеттік тілді, еліміздің тарихы мен салт-дәстүрлерін білуі қажет екендігін айта кетті.

Пікір қосу