Жақында ғана Алтынай Жорабаева мен Ләйлі Сұлтанқызы арасында түсініспеушіліктер болған еді. Алтынай Жорабаеваны Ләйлә Сұлтанқызы «Тікелей эфир» бағдарламасына шақырып, алайда арада ренші пайда болды. Алтынай бұл ренішін әлеуметік желіде жазып, соңында бағдарламасына бармаған.

Осы мәселе аясында Алтынай сұхбат бергенмен, Ләйлә Сұлтанқызы ресми түрде еш жауап қайтармаған еді. Ләйлә Сұлтанқызы, бұл оқиға туралы пікірін Нур.кз сайтына берген сұхбатында өз ойын айтып кетті.

«-Иә, неше түрлі пікірлердің болғаны рас. Бірақ мен мінезім мен тәрбиемнен болар, көп жағдайда сабыр сақтап, қызып тұрған отқа май құюдан аулақпын. Алтынаймен арадағы нәрсені түсініспеушілік деген бір-ақ сөзбен қорытындылағым келеді. Екеуміз жиырма жылдан бері таныспыз.Алтынайға деген құрметім жоғары, оның өнерін де, өзін де ерекше сыйлайтын адамдардың бірімін. Сол кезде Алтынайдың жаман ойы болмағанын білемін. Мүмкін, эмоция күш алып, басым болған шығар. Көрген жерде сәлеміміз түзу. Бұл мәселе туралы екеуміздің міндетті түрде сөйлесіп, мәмілеге келетініміз анық.»- деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Пікір қосу