Отбасылық оқиғалары бүкіл қазақстандықтарды шулатқан Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота-Нүр қайта қосылғандығын растады.

Осыған дейін, Дәуреннің әлеуметтік желісіндегі «сүйіктіммен қарындасымыздың туған күнінде» деген Ақботамен түскен суретіне қызу талқыға түскен еді.

Дәурен Айдарқұлов тағы бір отбасылық суретін салып, көптеген оқырман сұрақтарына жауап берді.
«Біз қайта қосылдық. Болды. Бұл тақырыпты жабайық! Қолдау көрсеткен адамдарға әзгә ниеттеріңіз үшін рахмет, ал қарсы пікірдегілерге айтарым сіздердің ойларыңыз бізге маңызды емес. Осы күнге дейін үндемей келдім. Ары қарай ештеңе айтпаймын. Алға қойған мақсатым- отбасымды сақтап қалу!»- деді Дәурен Айдарқұлов.

Пікір қосу