Әнші Бейбіт Сейдуалиева қазіргі таңда өнер адамдарының арасында достық бар дегенге сенбейтінін және көптеген өнер жұлдыздар арасында мақтаншақтық пен бәсекелестік көп екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz берген сұхбатында барысында айтты.

«Мен өнерде достық бар дегенге аса сенбеймін. Шоу-бизнес әлемінде бәсекелестік пен ысырапшылдық, мақтаншақтық көп. бұрынғыдай шығармашылық талқылау, идея беру секілді достық қадамдар жоқ десе де болады. Әрине, менің сыйлайтын, жақсы көретін әріптес-достарым бар. Дегенмен, «көзден кетсе, көңілден де кетеді» деп араларымыз біраз суыған. Кездескен кезде сәлеміміз түзу. Әңгімеміз шынайы. Бірақ, күнде телефон соғып, шайға шақырып, сырласатын нағыз достарым өнерден алыстау.»,-деді әнші.

«Бір отырысқа бардым. Атын атап, түсін түстемеймін, кей әріптесім: «ана кісінің подписчиктерінің саны мынадай екен. Инстаграмда киген көйлегі андай екен» деген сынды әңгімелер айтып отырады. Сол кезде жүрегім ауырып кетті. Мен ондай әңгімелерді айтқым келмейді. Арзан сөзден, біреуді сынап-мінеуден аулақ болғым келеді. Бұл өмір инстаграмдағы тіркелушімен, киген киіммен өлшенбейді. Алла алдында жасаған амал, киген киім, ішкен асымыз үшін де жауап береміз. Сондықтан да, осындай әңгімелерді естігендіктен көп отырыстарға бармаймын. Мені ешкім шақырып та шаршамайды.»,-дейді Бейбіт Сейдуалиева

Пікір қосу