Бағым Мухитденова мен Мөлдір Әуелбекованың арасындағы түсініспеушілік  кикілжіңдер туындап,  бұл әңгіме Қазнетте тарап кеткен болатын.   Бағым бұл оқиға жайлы  «Гакку» арнасының «Если честно» бағдарламасына берген сұхбатында бар ойын ашық айтып берді.

“Мен үшін Мөлдір Әуелбекова жоқ. Байланысымызды толықтай үздік. Қайта қалпына келтіргіміз де келмейді. Ол да оны қалап тұр деп ойламаймын.  Мен ол адамды көргім келмейді. Сол себепті менің қатысым бар жобаларға ол қатыспайды”, – деді продюссер.

Бағымның айтуынша, Мөлдірмен арасындағы туындаған кикілжіңге оның сатқындығы және жала жабуы себепші болған. Продюссер ол іс-әрекетін кешіре алмайтыныдығын айтады.

Продюссер Бағым Мақсатқызы Мөлдір Әуелбекованың шығармашылық жұмысында өзімен байланысы болмаса, ешқандай кедергі жасамайтындығын мәлімдеді.

-«Мен ол адамның шығармашылығындағы жұмысына кедергі жасамаймын. Тек маған бағдарламалардан ұсыныс келсе, ол адамның қатысып-қатыспайтындығын анықтап аламын. Егер ол қатысса, мен бармайтындығымды айтамын. Немесе не мені, не оны таңдаңыздар деймін. Меніңше, бұлай айтуға менің құқығым бар»,- деді Бағым Мухитденова

Алайда бұл мәселе бойынша  екінші тараптан нақты шындықты ести алмайтын секілдіміз . Себебі: “Мөлдір шындықты айта алмайды.  Оған дәті де бармайды, күші де жетпейді. Сондықтан да мен ол адамды өмірімнен де, көз алдымнан да алыстаттым. ”, – дейді Бағым Мақсатқызы

Пікір қосу