Алматы қаласының Фурманова көшесінің атауы елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есіміне өзгертілді.

Алматы қаласының ІV- мәслихат жиынының барысында, қала көшелерінің атауын өзгерту мәселесі қарастырылған. Алматының Басты көшелерінің бірі- Фурманованың атауы Нұрсұлтан Назарбаевтың есіміне ауыстыру туралы шешім қабылданған.

Қала тұрғындарының сұраныстарына байланысты ономастикалық комиссия осындай шешім шығарған.

Сонымен қатар, Алматы қаласынлағы көше атауларының қайталануына байланысты, көшелерге қоғам қайраткері, танымал, еліне еңбегі сіңген тұлғалардың есімі берілетін болады. Мысалы, Шыңғыс Айтматов, Талғат Бигельдинов, Қадыр Мырзалиев, Герольд Белгер, Каукен Кенжетаев, Сергей Калмыков, секілді тұлғаларымыздың атаулары қойылады.

Пікір қосу