Қазақстанның сымбатты жігіттерінің бірі Тәуекел Мүсілім болашақтағы отбасылық және шығармашылық жоспарларымен бөлісті.

28 жастағы актер Тәуекел  отбасыға үлкен мән беретіндігін және әлі де шаңырақ көтеруге  асықпайтындығын айтты.

«Мен әке махаббатын көрмей өскен баламын және оның қандай қиын екендігін түсінемін. Сондықтан да, отбасы құру мәселесіне келгенде, он рет өлшеп бір рет кесемін. Үйленсем, ажырасып кетпейтіндей жар тапқым келеді.»,-деді Тәуекел.

 

Тәуекел Мүсілім өзінің танымалдылығының отбасы құруына белгілі мөлшерде кедергі келтіретін айта кетті.

«Танымал адам болғандықтан қиындау. Себебі ол адамның саған деген сезімінің шынайы ма, әлде менің шоу бизнестегі танымалдығыма қызығадыма түсіну қиынырақ.  Тіпті, менің танымалдылығыма қызығып, сезімді пайдаланған қыздарды да көрдім.»-,деді актер.

Тоқал мәселесі бойынша сұрақ қойылған кезде, актер қарсы емес екендігін, болашақта тоқал алып қалуы мүмкін екендігін жасырмады.

«Егер екі әйеліңді, отбасыңды қамтамасыз етуге шамаң жетсе неге алмасқа ?! Мүмкін. Онсызда елімізде халық саны аз. Демографияны көбейту керек. Алайда, мен бір ғашық болып, жарымды кездестірсем, екінші адамды іздемейтін де шығармын. Себебі ары қарай бар мақсатым- жарым және отбасыммен бақытты болу. Бірақ, бәрі мүмкін.»-деді Тәуекел Мүслім.

Сонымен қатар, болашақтағы жоспарлары бойынша белгілі бір уақыт аралығында АҚШ та тұруға кететіндігін айтты. Шетелге барып, білім алып, кәсіби шеберлігін дамытып, мотивация алып, дамып келгісі келетіндігі туралы бөлісті.

 

 

Пікір қосу