Танымал продюссер Баян Мақсатқызы түсіріліп жатқан фильмін аяқтағаннан соң, шығармашылықтан уақытша кететінін мәлімдеді.  Ол  тұрмыстық зорлық-зомбылық көріп, жеке келіп көмек сұраған әйелдерге көмек көрсететін айтты. Баян Мақсатқызы осы сөзін жариялағаннан бері оған көптегн әйелдер көмек қолын сұраған. НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына берген сұхбатында  болашақта осы мәселе бойынша жәрдемдесетін бір ұйым ашатын айтты.

«Аэропортта, көшеде, дүкенде, кафе де болсын, кез-келген жерде әйелдер келіп көмек сұрап жатады. «Баян сізді бір минутқа бола ма?»,-деп келіп өздерінің басынан өткен өте қорқынышты қиыншылықтарын айтады . Мен енді осындай тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдерге барынша көмектесемін».-деді продюссер.

Қазір Баян Мақсатқызы бірге жұмыс істейтін әріптестерімен ұйымды құру концепциясын бастаған. Тіпті, тұрмыстық зорлыз-зомбылық көрген әйелдерге қол ұшын беретін ұйымның атауын «Аю тас» деп қоятындығын айтады.

» Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдерге көмек көрсететін Қазақстанда 100-ден астам ұйымдар бар. Жұмыс істейді, алайда үлкен масштабта емес. Біз солардың қатарындағы 101- ұйым болғымыз келмейді.»,- деді Баян Мақсатқызы.

Қазіргі уақытта ұйымды ашып, жұмысын жүргізу үшін қаржылай көмек іздестіруде. Баян Мақсатқызының авторлық кітабынан түскен қаражаттың жеткіліксіз екенін айтады.

Пікір қосу