Tengrinews Tv-дің «The Эфир» бағдарламасына белгілі актриса, әнші Ақбота Сейітмағамбет жеке өмірі туралы сұхбат берді.Сұхбат барысында қазіргі таңда бұрынғы жолдасы актер Даурен Айдарқұловпен ара-қатынасын жайында сөз қозғады. Осы күнге дейін жолдасымен 2 рет ажырасып, 2 рет қосылған. Бірінші рет айырылысуды Ақбота өзі қалаған, бірақ қайта қосылған. Кейіннен отбасыда тағыда кикілжің туындап, екінші рет ажырасқан. Ақботаға  Дәуреннің отбасыға деген көзқарасының ұнамайтындығын айтты.

Tengrinew TV Ләйля Сұлтанқызы. Ақбота-Нұр Сейітмағамбетпен сұхбат (ғаламтор желісінен алынған)

-«Дәурен  үйде намаз оқитын, хиджаб киіп, ешқайда шықпай  отыратын, құрбыларымен де араласпай жолдасының қамын ойлайтын әйел қалайды. Ал, менің көзкөзқарасым басқаша. Неге бірге жұмыс жасамасқа, қол ұстасып көшеде жүрмеске?!», -дейді Ақбота- Нұр.

 

Қазір Ақбота баласы мен жұмысына көңіл бөліп жүргендігін және 2-3 жыл арасында тұрмыс құрмайтындығын мәлімдеді. Болашақта 5 балалы ана атанғысы келеді.

Баласын және өзін қамтамасыз ету үшін Инстаграм желісі арқылы, тойға шығып және киноға түсіп ақша тауып жүргенін айтады. Жолдасы Дәуренде алимент төлеп тұрады. Алайда бірінші отбасынада алимент «көптеу» төлеп жатқандықтан жолдасын қыстамайтындығын айтады.

Сонымен қатар, Баян Есентаева мен Бағым Мухитденовамен қоштаспай кеткендіктен, қайта бірге жұмыс жасауға қорқатындығын жасырмады. Сол себепті, қазір өзіне талантты продюссерді іздестіруде.

Пікір қосу