Қазақстан премьер министрі Бақытжан Сағынтаев бензин тапшылығы үшін энергетика вице-министрі Әсет Магауовты, «ҚазМұнайГаз» ұлттықкомпания басқармасының орынбасары Данияр Берлібаевты жұмысынан босатты, дейді Sputnik Казахстан.

Үкімет жиынында премьер-министр энергетика министрі Қанат Бозымбаевтан, биылғы қыркүйектен бастап Қазақстандағы ең өтімді АИ-92-маркалы бензинге дефицит тууының себебін түсіндіруін талап еткен.
Қанат Бозымбаев елде бензинге «дефицит жоғын» айтып, бұл сөзді қолданудың мүлдем дұрыс емесін мәлімдеген. Сағынтаев оның сөзін бөліп: «Елде тапшылық болмаса, онда жұрт бензин алу үшін неге кезекке тұруда? Мұндайды халық түсінбейді ғой.» — деп түзетті.
Бозымбаевтың және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма басшысы Сауат Мыңбаевтың баяндамаларын тыңдап, олардың бар мәселенің күздегі екі үлкен мұнай өңдеу (Атырау және Павлодар) зауодтарының ремонтқа жабылуынан дегендей түсіндірмелерін «сылтау, жауапкершіліктен қашу» деп атады.
«Энергетика министрлігі мен ұлттықкомпаниялар басқармасына еліміздегі үш ірі мұнай өңдеу зауоды да толықтай,src=»http://juldyz.kz/wp-content/uploads/2017/10/44578e02149db47384fe2f8b4dc24610.jpg» alt=»» width=»630″ height=»420″ class=»alignnone size-full wp-image-13113″ />яки жанама түрде бағынышты. Сондай-ақ, Павлодар МӨЗ-ның күзде жөндеуге қойылатыны жайлы хат екі ай бұрын жазылған. Сондықтан, болатын жайтты алдын-ала ескеріп, тиісті шара қабылдауға болар еді.» – деп дәйектеді премьер өз сөзін.
Қазақстанда бірнеше күннен бері бензин тапшылығы туып, «Қазмұнайгаз» ұлттық мұнай компаниясының жанармай бекетінде отынды тек талонмен беріп, кей бекеттерде көліктер ұзын-сонар кезекте тұрған жаңдайына байланысты премьер төмендегідей шешім шығарды.
«Бұл жағдай үшін жауапқа тартылу керек. Мен мынадай шешім қабылдаймын: біріншіден, үкімет мүшелеріне тәртіптік шара қабылдау құзыреті ел президентінде болғандықтан, мен бүгін елбасына өтініш жазып, энергетика министрі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевқа сөгіс беруін сұраймын, екіншіден, вице-министрлер өз құзіретімде болғандықтан, энергетика вице-министрі Әсет Мағауовты, «ҚазМұнайГаз» ұлттықкомпания басқармасының орынбасары Данияр Берлібаевты жұмысынан босатамын» — деді премьер.
Бензин тапшылығын тоқтату үшін, Ресейден 100 мың тоннаға дейін бензин сатып алынатын болды. Әлбетте, еліміздегі бензиннің бағасы Ресейден сатып алынар бензин бағасына байланысты құбылмақ. Бензин тапшылығы ешбір аймақта туындамас үшін, энергия министрлігі ресейден алынған бензинді аймақтардың сұранысына сай бөліп, жетпей жатса дер кезінде тапшы аудандарға қосымша бензин жеткізуді қолға алмақ.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ аға вице-министрі Азамат Жанғұлов былай деді:
«Расында да біз шектеп таратып жатырмыз. Бензинді шектеп сату апта аяғында немесе одан да ерте, яғни бейсенбі күндері шешіліп қалады. Біз қазір ресейден бензин импорттай бастадық. Алғашқы партиялары келуде.
Келесі жылы жанар-жағармай тапшылығы болмайды. Себебі, 2018 жылы үш мұнай өңдеу зауодында да ешқандай жөндеу жқмыстары жоспарланбаған. Керісінше, биыл Атыраудағы зауод күрделі жөндеуден өтіп, қарашадан бастап әдеттегіден 75 мың тонна көп бензин шығара бастайды.»
«20-шы қыркүйекте Павлодарлық МӨЗ ремонтқа қойылса, ал Атыраулық МӨЗ 15 қыркүйекте капремонттан шықты, және ол елдегі жағдайға байланысты АИ-80 және АИ-95 маркалы бензин өндіруде төмендетіп, АИ-92 маркалы бензинін өндіруді 14 мың тоннаға арттырды. Қазір Атыраулық МӨЗ 50 мың тонна өнім шығарса, қарашадан бастап, катализдік крекинг құрылымы іске қосылып, өнімін 75 мың тоннаға өсіреді, деп күтудеміз» — деді энергетика вице-министрі Әсет Магауов.

Талайды сабылдырып, шаруасын тығырыққа тіреген биылғы күзгі бензин мәселесі осылай шешілді. Дегенмен, бұл шешімдер мәселені түбірімен шешпейтінін де ескеру керек. Өз мұнайымызды өңдеп бензинмен елді қамтамасыз ете алмасақ, онда көршіге тәуелді боламыз. «Кісінің кілті аспанда» деген. Ресей қандай баға қойса, біздегі бензин де солай қымбат болмақ.
Жағармайға жауапты шенділер: «Ресейден бензин сатып алудамыз, әрі болашақта да атып ала береміз» деуде. Олардың бұл тұжырымы өзгермесе, онда бензин мәселесі тапшылықпен ғана емес, Ресейден сатыпалу бағасына қарай бізде де қымбаттауымен халқымызды қинауы бек мүмкін. Бұл жайт оларды толғандырар ма екен? …
Төлеген Сейдолла-ұлы

Пікір қосу